Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны

04.12.2014
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны

Кез келген елдің Тәуелсіздігінен оның рәміздерін бөле-жара қарауға болмайды. Өйткені, бұл нышандар егемендіктің басты символы. Сондықтан, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін бекіту жұмыстары Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан басталды.

Жандарбек Мәлібеков осы тарихи оқиғаның басы-қасында болғандардың бірі. Оған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасына автор болу бақыты бұйырды. Арнайы комиссияға келіп түскен 300-дей елтаңба нұсқаларының ішінен Мәлібековтікі үздік шықты.

Мемлекеттік рәміздерге байқау жарияланған тұста ол Отанынан жырақта қызмет етіп жүрді. «Жаңалықты ести сала бүкіл жұмысымды ысырып, Елтаңбаның нұсқасын сызуға отырдым», дейді. Алғашқы нұсқасын небәрі бір аптаның ішінде жасап шығады. Диаметрі – 180, қалыңдығы – 90 сантиметр болатын Елтаңбаны Алматыға жеткізудің өзі оңайға түспепті.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу