Диқандарға тұқым сатып алу үшін қаржы беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диқандарға тұқым сатып алу үшін қаржы беріле бастады

04.12.2014
Диқандарға тұқым сатып алу үшін қаржы беріле бастады

«Шаруаларға тұқым сатып алу үшін қаржы беріле бастады», - деді «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаев.

Оның айтуынша, биыл ауа райының қолайсыздығынан диқандар қиындықтардан көз ашпады. Сондықтан, жер тырмалаған кейбір дала еңбеккерлері тұқым тапшылығына ұрынды.

Осыған байланысты аталған құрылым ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау бағытында тиісті шараларды іске асырды. Олар 27 қарашадан бастап форвардты жолмен себуге жарамды бидай тұқымы мен бидайды сатып алуды қолға алды. 1 гектар егіс алқабына төленетін сома - 6000 теңге.

Алмат ӘБДІРАМАН                                                              

Хабарламаларға жазылу