Түркітілдес елдердің еңсесі биіктей бермекші
2014 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болған Қазан қаласы бұл міндетті Түркіменстанның Мары шаһарына өткізді. Бүгін Татарстан астанасында бас қосқан түркітілдес мемлекеттердің Мәдениет министрлері осындай шешімге келді.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының 2017 жылға дейінгі бас хатшысын қайта сайлады.
2014 жыл ТҮРКСОЙ ұйымы үшін табысты болды. Түбі бір түркі баласының әдебиеті мен мәдениеті жыл бойы ұлықталды. ТҮРКСОЙ-дың іс-шаралары, оның құрамындағы 6 мемлекет пен 8 бақылаушы елдің аумағында тұтастай өтті.
Әлбетте, Қазан қаласы түркі дүниесінің мәдени астанасы ретінде үлкен істің басы-қасында болды. Есесіне түркі мемлекеттерінің аймақаралық байланысында Қазақ елі ерекше белсенді болды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
26.08.2026, 23:22
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09