Бесаспап қыз-келіншектер марапатталды
Астанада бесаспап қыз-келіншектер марапатталды. Республиканың түкпір-түкпірінен келген олар өз қолдарынан шыққан бұйымдары, тағам, әшекейлерін көрмеге қойды.
Онда қолдан тігілген дорба, әмияндар, дәмді тоқаштар, кептірілген көкөніс, жеміс-жидек, сырға, моншақтар бар. Жалпы, байқау бір жыл бұрын басталған. Оған өңірлерден 1,5 мыңға жуық әйел қатысыпты.
Әуелі оларға кәсіпкерлікті қалай жүргізу керектігі оқытылыпты. Үйрену барысында кейбір жандар жобаға қатысудан бас тартқан. Кейбіреулері бизнес жоспар жасауды қиынсынса, енді біреулері тірлікпен айналысуға ерініпті. Ал, еңбекқор 10 қатысушыға 600 мың теңге қаржылай марапат көрсетілді. Бұл - олардың өз кәсібін әрі қарай дөңгелетуіне сеп болмақ.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болгарияда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
15.11.2026, 10:05
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04