Көкшетау халқы қауіпті болса да газ баллонға тәуелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау халқы қауіпті болса да газ баллонға тәуелді

01.11.2014
Көкшетау халқы қауіпті болса да газ баллонға тәуелді

Кезінде көпқабатты үйлердің аулаларына салынған газ қоймаларының   көбі істен шыққан. Сондықтан, тұрғындар газ баллон пайдалануға мәжбүр.

Көкшетаудағы баллонға газ толтырып сататын бекеттердің саудасы қызу жүріп тұр. Литрі 75 теңгеге бағаланған  газды алуға келген халықтың күні-түні демей қашанда қарасы мол.  

90-шы жылдары дағдарыстың салдарынан бұл газ қондырғыларының көбі жұмыс істеуден қалды. Қала тұрғындарының дені көп қабатты үйлерде тұратынын ескерсек, солардың 90 пайызы газ баллонды пайдаланады. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, көп қабатты үйлерде газ баллонын пайдалануға рұқсат етілмейді. Алайда, амал қанша?

Қаладағы 230 газголдердің  20 шақтысы ғана тұрғындар игілігіне жарап тұр.  Ауласында көгілдір отын қоймасы бар болғанымен, оны пәтеріне  тартып алуға құлықсыздық танытып отырған тұрғындар да кездеседі.

Биыл газголдердің  бұзылғандарын жөндеуге 100 миллион теңге бөлінді. Мамандар соларды тезірек реттесек, табиғи газ тартуға да оңай болады, дейді. Алайда, көгілдір отынның қалаға қашан келетіні әзірге белгісіз.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу