Жаңа теміржолдың пайдасы мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа теміржолдың пайдасы мол

25.10.2014
Жаңа теміржолдың пайдасы мол

«Жезқазған-Бейнеу» теміржолы салынғаннан бері оның бойында орналасқан елді мекендердің тірлігінде тың серпін пайда болды. Жаңа жол Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында кәсіпкерліктің қарқынды дамуына оң ықпалын тигізген. Ал, Актөбе облысында ғасыр жобасының арқасында жұмыссыздар саны азайды.

Жаңа теміржолдың арқасында жүздеген адам кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтті. Солардың бірі - Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында тұратын Дәмежан Елемесқызы. Өңірге теміржол салуға мамандардың көптеп келіп жатқанын ескеріп, шағын қонақүй ашып қойған.

Маңғыстау облысындағы брендтік тауарлардың бірі – ұлу тас. «Жезқазған-Бейнеу» теміржолы құрылыс саласында кеңінен қолданылатын осы блоктарды енді еліміздің орталық өңірлеріне жедел және жол шығынын азайтып жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ  

Хабарламаларға жазылу