Дәстүрлі жәрмеңке жалғасуда
Елордада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шаруалары бас шаһар тұрғындарын 100-ден астам өнімнің түрімен қамтамасыз етті. Бағасы да нарықтағымен салыстырғанда 15-20 пайызға арзан.
Жәрмеңкеге барлығы 1100 тоннадан астам өнім әкелінді. Соның ішінде 540 тонна көкөніс, 80 тоннадан астам ет, 15 тонна шұжық өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 20 тонна ұн, 95 тонна күріш, 91 тонна бақша дақылдарын және басқа да азық-түлік әкелді.
Биыл екі өңірде де егін бітік шықты, өнім мол. Тіпті Алаштың анасы Сыр елінде еңбеккерлер күріш жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіпті. Айта кетейік, әр гектардан 50,1 центнерден күріш алған.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік желідегі ақпарат жоққа шығарылды: балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым жоқ
15.11.2026, 11:11
Болгарияда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
15.11.2026, 10:05
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05