Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылысы тоқтағанына биыл - үшінші жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылысы тоқтағанына биыл - үшінші жыл

25.10.2014
Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылысы тоқтағанына биыл - үшінші жыл

Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылысы тоқтағаныны биыл - үшінші жыл.  Министрлік бөлінген қаражаттың бір бөлігін қайтарып алған. Құны тым қымбат деп есептесе керек. Ал, жергілікті билік аурухананы өз бюджеті есебінен салуға жоғарыдан рұқсат ала алмай отыр. Екі жақтың ортақ келісімге қашан келетіні белгісіз.

Ал, әзірге қатерлі дертке шалдығып, көңіл-қошы болмай жүрген сырқаттар талапқа сай келмейтін ғимаратта емделуге мәжбүр. Тиісті талапқа сай келмейтін орында 70 адам емделіп жатыр.

Диспансердің 30 жылдан бері дербес ғимараты жоқ. Зертханалар да толық емес. Орын тапшылығынан науқастар күндізгі стационарда ем алуға мәжбүр. Оларға негізгі ем түрі жасалса да, кейбір қызмет шектеулі.

Жыл өткен сайын науқастар күрт көбейіп келе жатқанына қарамастан,  Маңғыстау онкологиялық ауруханасының  дербес ғимараты жоқ еліміздегі жалғыз өңір саналып отыр. 

Облыста қатерлі ісікке шалдыққандар саны артып барады. Өткен жылдың өзінде 3 мыңға жуық адамды аты жаман ауру дендеді. Ал, соңғы тоғыз айда олардың қатары 400-ге  артып отыр.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу