Шалғайдағы аудандар көгілдір отынмен қамтылады
Елімізде жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі - «Бейнеу-Шымкент» магистралдық газ құбыры. Оның шарапатын енді шалғайдағы Бәйдібек, Созақ аудандарының тұрғындары да көргелі отыр.
Бүгін аталған аудандарға газ тарататын «Шалдар» автоматты станциясының құрылысы басталды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз» Акционерлік қоғамы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп іс-қимыл жасау жөніндегі меморандумға қол қойды.
«Бейнеу- Шымкент» магистралінен Бәйдібек ауданы орталығы Шаян ауылына тартылған газ құбырының ұзындығы 32 шақырымды құрайды.
Оның құрылысын жүргізетін мердігер «Интергаз Орталық Азия» компаниясы тиісті жұмыстарды келесі жылдың қараша айында аяқтаймыз деп отыр.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік желідегі ақпарат жоққа шығарылды: балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым жоқ
15.11.2026, 11:11
Болгарияда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
15.11.2026, 10:05
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05