«Денсаулық сақтау министрі қызметті босатсын», деп ұрандатып жүр бельгиялық азаматтар.
52 жастағы Мэгги де Блок жаңа қызметке осыдан 4 күн бұрын ғана тағайындалған болатын. Соған қарамастан көпшіліктің қатаң сынына ұшырап үлгерді.
Халық, салмағы 128 келі болатын Мэгги де Блоктың денсаулық сақтау министрі болғанына қарсы. Айтуларынша, семіздікке шалдыққан шенеунік салауатты өмір салты туралы айтуға қақысы жоқ.
Ал, халқының 47 пайызы артық салмақтың зардабын тартып отырған Бельгияда таза тағам мен спортты насихаттау қазір өте маңызды.
Сондықтан, көпшілік Мэгги өзінің бұрынғы қызметіне ауысқаны жөн деп санайды. Мұның алдында Мэгги де Блок елдің эмиграция жөніндегі министрі болған. Саясаткер көпшіліктің бұл сынына төтеп беруге тырысуда.
Нұрсұлу ҚАСЫМ