Түркияның Елазығ қаласы діни туризм арқылы экономикаға пайда әкелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Елазығ қаласы діни туризм арқылы экономикаға пайда әкелуде

14.10.2014
Түркияның Елазығ қаласы діни туризм арқылы экономикаға пайда әкелуде

Түркия – әлемдегі туризмі озық дамыған алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Қазынаға жылда бұл саладан 40 миллиард долларға жуық пайда түсіп отырады.

Елдегі 81 қаланың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Бірі тарихи жерлерімен мақтанса, енді біреулері шетелдіктерді ұлттық тағамдарымен баурайды. Сондай қалалардың бірі Елазығ.

Елазығ-Түркияның ең көне қалаларының бірі. Жан жағы таумен қоршалған шаһардың 5000 жылдық тарихы бар. Қаланың көрікті жерлерінің бірі – Харут қамалы. Бұл нысан 8 ғасырда салынған.

Қаланы ескі қорғандар мен көне мешіттер қоршап тұр. Қалада мыңға жуық мешіт бар. Олардың басым бөлігінің бірнеше ғасырлық тарихы бар. Сондықтан Елазығ діни туризмін дамытып, аймақтың әл ауқатын көтеріп отыр.

Елазығ сияқты қалаларды тамашалау үшін әлемнің әр бұрышынан Түркияға жылына 40 миллионға жуық турист келеді екен. Осы көрсеткішпен бауырлас ел дүниежүзінде алғашқы бестікке кіреді.

Бақытжан ОМАР

 

Хабарламаларға жазылу