Батыр қыздарға ескерткіш орнатылады
Жеңістің 70 жылдығына орай «Майдангерлер» клубының мүшелері Орал қаласында қазақтың үш батыр қызы Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға арнап ескерткіш орнатуды ұсынып отыр.
Қазір бірнеше жоба әзірленіп, көпшіліктің назарына ұсынылды. Қала басшылығы монументті орнататын жерді қарастыруда.
Ескерткішке лайықты орын ретінде Мәншүк Мәметова алаңы айтылып жүр. Соңғы жылдары бұл жер оралдықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Алаңның қақ ортасында батыр Мәншүктің ескерткіші тұр.
Таңдау осы мекенге түссе, Жеңістің 70 жылдығында мұнда қазақтың үш қайсар қызы сомдалған үлкен композиция пайда болады.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік желідегі ақпарат жоққа шығарылды: балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым жоқ
15.11.2026, 11:11
Болгарияда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
15.11.2026, 10:05
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05