Көкпекті тұрғындары Елбасына шағымданбақ
Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылының тұрғындары су шайған үйлерін жөндеуге берген қаражаттың жетпей қалғанын айтып шағымдануда. Енді олар Елбасына хат жолдамақ. Бұл жөнінде тұрғындар Бұқар жырау ауданының әкімімен болған кездесу барысында мәлім етті. Құрылған қоғамдық қорға 273 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Соның барлығы зардап шеккен жеке тұлғалардың шотына аударылып, енді бір бөлігі ауыл ішін қалпына келтіруге жұмсалған. Ал, жаңадан үйлер салу үшін облыстық әкімдіктің қосымша қорынан 350 миллион теңге бөлінген. Суға кеткен мал-мүліктің орны шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер есебінен толтырылыпты. Ал, қалған қаражатты тұрғындар кінәлі адамнан өндіріп алады, дейді жергілікті билік өкілдері.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Месси Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
23.06.2026, 10:12
«Four Continents – 2027» чемпионаты Қазақстанда өтеді
23.06.2026, 10:11
«Айбын-2026»: Жастар шығармашылық байқауда бақ сынады
23.06.2026, 10:10
Елімізде 25 маусымда колледждерге құжат қабылдау басталады
23.06.2026, 10:09
Бала қауіпсіздігі – басты назарда
23.06.2026, 10:07
Алматы облысында Сәтбаев шыңында қалып қойған 3 жасөспірім құтқарылды
23.06.2026, 10:06
Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватына кіруге тыйым салынды
23.06.2026, 10:05
Францияда ыстықтан 18 адам қайтыс болды
23.06.2026, 10:04