Аудан орталығына жетудің азабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудан орталығына жетудің азабы

08.10.2014
Аудан орталығына жетудің азабы

Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты 3 бірдей ауыл аудан орталығына жету үшін Жайық өзенінен өтуі керек. Көпір де, өткел де атымен жоқ мұнда. Амалдың  жоқтығынан халық қыс мезгілінде мұз үстімен, жылы күндері қайықпен қатынауға мәжбүр. Сол себепті олар әрдайым өзеннен өткенде жандарын шүбірекке түйіп өтеді.

Өткел ауылының тұрғындары көбінесе, қайықпен жүзуге үйренген. Себебі, жеке меншіктегі паром тек көліктерді тасымалдауға арналған. Пайдасын ойлаған кәсіпкер, паромның көліктерге толғанын күтіп, содан соң ғана орнынан қозғалады. Ал, осыны пайдаланған елді мекеннің жастары тұрғындарды әрлі-берлі қайықпен тасып, бұл істерін табыс көзіне айналдырған.

Аудан әкімдігі болса, «бұл азаптан құтылады»,-деп сендіріп отыр. Себебі, қазір көпірдің құрылысы басталып кетті. Жоспар бойынша ол 2016 жылы пайдалануға берілуі тиіс.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу