Батпаққа батқан көше - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батпаққа батқан көше

03.10.2014
Батпаққа батқан көше

Батпаққа батқан көше. Астанада кей ауданның тұрғындары үшін есік алдына шығу мұң болып тұр. Жауған жаңбырдың салдарынан тас төселмеген көшелердің батпағы тізеден келеді. Бұл жыл сайын көктем мен күзде қайталанатын көрініс.

Күз келсе, №188 көше тұрғындарының көрген күні осы. Жолға тас төселмеген. Жауыннан соң жер ми батпаққа айналып шыға келеді. Бір күн жауған жаңбырдың зардабын бір ай тартып жүргені. Жаяу шықса жұрт жолынан қалады. Ал, батпақ кешкен көлік иелері көшеге шықса, айыппұл төлеп, әзер құтылады. Кішкентай балалар үшін қарыс қадам жердегі мектепке барудың өзі мұң.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасымен үлестірілген үйлердің сапасына қатысты талай сын айтылып жүр. Тұрғындардың шағымынан соң, әкімдікке қарасты басқарма басшылары келіп, 2-3 ай ішінде жол төсеп беруге уәде етіпті. Одан бері 2 көктем, 2 күз өтті.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу