Көшеде ақша сұрайтындар кімдер?
Аға, ауылға қайта алмай жатыр едім. Артық ақшаң болса, тасташы. Осылай ақша сұрап, алдыңызды орап па еді? Сіз иә дейсіз. Себебі қазір, вокзалда, базарда, аялдамада толып жүр, мұндайлар. Жап-жақсы киінген. Қайыршы деуге қимайсың. Бірақ, сұрамсақтанғанда тілемсегің далада қалады. Бұлар кімдер?
Бір қызығы, олар өздерін мүсәпір кейіпте көрсетпейді. Әлгінде ғана ақшасы таусылып қалып, абдырап тұрған адамның әлпетін сомдайды. Тәп-тәуір киінген. Ұсқыны да жаман емес. Расымен, айтқаны рас шығар дейсің.
Шынын айтқанда, жыламсырап, ақша сұрау – бұлардың кәсібі. Бұл ақын Бекарыстың пікірі. Сенбесеңіз, бірер күн айналып әлгі жерге қайта келіңіз. Билетіме мың теңге жетпей жүр,деп сізден ақша алған адам әлі жүреді.
Психологтың сөзінен түсінгеніміз, олар - не бір сектаның мүшелері, яки болмаса қаржы пирамидасына жаңа қызметке тұрғандар. Әлгі ұйымдар жаңа мүшесін бір жағынан сынау үшін, енді бір жағынан шыңдау үшін бірнеше тапсырма береді. Әуелгісі – көшеге шығып, танымайтын біреуден ақша сұрау.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы