107 жастағы анасын алпыстағы баласы бағып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

107 жастағы анасын алпыстағы баласы бағып отыр

03.10.2014
107 жастағы анасын алпыстағы баласы бағып отыр

Анадан артық жан бар ма... Павлодар облысында 107 жасқа келген әжені 60 жастағы баласы күтіп, бағып отыр. Шешесі төсек тартқалы ұлы жұмысты тастаған. Қазір екі бірдей жан кейуананың  зейнетақысына қарап қалған.

Қапан Шақарова облыста ең ұзақ жасаған қариялардың бірі. 100-ге толғанда тың болатын. Кейінгі жеті жылда денсаулығы сыр бере бастады. Қос жанарынан айырылды, жүруден қалып, төсекке таңылды.

Базарбай төрт баладан қалған жалғыз тұяқ. Анасының 37 мың теңге зейнетақысы дұрыстау шәй-пұлдың өзіне жете қоймайды.

Жығылғанға жұдырық дегендей соңғы уақытта Базарбайдың бетінде де ұсақ жара пайда болды. Дәрігерлердің айтуынша, ағзаға дәрумендер жетіспегендіктен шыққан көрінеді.

Алты күн көз ілмей, екі күн қатарынан ұйқыға кетеді. 107 жасқа келген жанға бұл жеті жылдан бері жабысқан дағды. Жуындырып, киіндіру, тамақтандыру баласы Базарбайдың мойнында.

Болат АМАНБАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу