Елімізде неке шартына отыратындар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде неке шартына отыратындар көбейген

30.09.2014
Елімізде неке шартына отыратындар көбейген

Заманына қарай адамы. Елімізде соңғы 5 жылда үйленген жастардың ішінде неке шартына жүгінетіндердің саны 70 пайызға артқан. Әсіресе, оны көп жағдайда ер азаматтар талап етеді екен. Әлеуметтанушылар зерттеулері, қазіргі таңда жастардың арасында бір-біріне деген сенімсіздік басым екендігін көрсеткен.

Ал, ерлі-зайыптылардың мал-мүлкіне қатысты келісімді реттейтін құқықтық қатынастар 1998 жылы қабылданған «Неке және отбасы туралы» Заңда белгіленген. Қазіргі таңда әлемде неке шартына отырудан АҚШ көш бастап тұр. Одан кейінгі орында - Ресей.

Сенімсіздіктен туындаған секемі көп дүниеден құтылу үшін жастармен психологиялық жұмыс жүргізу керек, дейді мамандар. Бұл ең алдымен кейіпкерлеріміз сынды мыңдаған жасқа есепсіз шаңырақ көтеруіне жол ашады, ақшаны емес махаббатты алдыңғы орынға қояды. Неке шарты тиылса, кем дегенде 5 мың жұп ажырасудан да сақтанады деген болжам бар.

Хабарламаларға жазылу