Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға бақылаушы ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан 9 өкіл қатысады. Екі адам Алматы қаласындағы сайлау учаскесінде болса, қалған жеті бақылаушы Астана қаласындағы сайлау барысын қадағалайды. Бұл туралы бақылаушыларды бастап келген осы ұйым бас хатшысының орынбасары Махмадшариф Хакдодов хабарлады.
Бүгін Шанхай Ынытмақтастық Ұйымы миссиясының өкілдері мен Ресей Федерациясының Дума өкілдері Орталық сайлау комиссиясында болып, ертеңгі сайлауды ұйымдастыру барысымен танысты. Бақылаушы ретінде ресми тіркелеген тағы бір делегация Әзірбайжан мемлекеті. Әріптестер сайлау заңнамасы мен оны ұйымдастыру тәртібі төңірегінде пікір алмасты. Барлық бақылаушылар сайлау аяқталғаннан кейін, 2-ші қазан күні арнайы баспасөз-маслихатын өткізіп, науқанға қатысты қорытындыларын жариялайтын болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ