Полицейдің жоғалған қаруы табылды
Шымкентте полицейдің жоғалған қаруы табылды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын тәртіп сақшысы қызметте жүріп, табельдік қаруын жоғалтып алған еді. Осы бойынша Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғаған болатын. Бейресми ақпарат бойынша сол күні полиция сержанты қаруын автокөлікке қалдырып, өзі дәмхананың біріне аялдаған. Осы уақытта белгісіз біреу оның Калашников автоматын ұрлап, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесіне апарып жасырған. Кейіннен полицияға телефон соққан бейтаныс адам қарудың жасырылған жерін хабарлаған. Құқық қорғаушылар ұрланған автоматты сол мекен-жайдан тапты. Құқық қорғаушылардың айтуынша, жоғалған қару мен 30 оқ-дәрі сол күйі сақталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік желідегі ақпарат жоққа шығарылды: балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым жоқ
15.11.2026, 11:11
Болгарияда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
15.11.2026, 10:05
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05