Басты Жаңалықтар Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті

Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті

Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті

Бельгия жұрты жылдағы дәстүр бойынша темір тұлпарларын велосипедке ауыстырып, айтулы мерекені 13-ші рет атап өтті.

Бұл күні қалада автобус, трамвай мен санаулы таксиден өзге көлікке көшеде жүруге рұқсат жоқ. Жүре қалса, айыппұл төлеп, біздіңше 30 мың теңгесінен айырылады.

Шараның мақсаты - халықтың қалтасын қағу емес, оларды экологиялық таза көліктерге көшуге үндеу.

Экологтар автокөліксіз бір күнде қаладағы шу 6-8 есе, ал ауаға тарайтын қауіпті микробөлшектер 3-4 есеге азайғанын айтады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

Бөлісу