Елімізде әрбір 90 секунд сайын нәресте дүние есігін ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әрбір 90 секунд сайын нәресте дүние есігін ашады

19.09.2014
Елімізде әрбір 90 секунд сайын нәресте дүние есігін ашады

Елімізде әрбір 90 секунд сайын дүние есігін жаңадан ашқан сәбидің іңгәлаған дауысы естіледі. Бұл туралы бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шарада Елбасы өткен 1 жылдың ішінде 254 мың адамға көбейгенін де атап өтті.

Елбасының атап өтуінше, 20  жыл ішінде елімізде 1000  мың білім ордасы, 800 денсаулық нысаны салынған.

«Бұрын-соңды Қазақстанда ешқашан болмаған күрделі операциялар жасалатын болды. Соның нәтиждесінде ел  азаматтарының орташа  өмір сүру ұзақтығы 70  жастан асты», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, марапаттау рәсіміне аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 отбасы қатысса,  ал жалпы байқауға 1 298 отбасы бағын сынаған.

Хабарламаларға жазылу