Қарағандылық тағы бір полицей көлігімен кісі қағып кетті
Қарағандыда тағы бір полицей көлігімен кісі қақты. Бұл жолы да Ішкі істер басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкері. Оқиға «Степной-4» ықшам ауданында болған. 23 жастағы ішкі істер саласының қызметкері жол бойында рұқсат етілмеген жерден қарсы бетке өтпек болған жаяу жүргіншіні көргенімен, тежегішті басып үлгермеген.
Жедел жәрдем жеткенше, 55 жастағы азамат жантәсілім еткен. Полиция қызметкері жұмыс барысымен жекеменшік көлікпен жүрген. Арнайы сараптама қорытындысы бойынша оның ішімдік ішпегені анықталды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49
Әлеуметтік желідегі ақпарат жоққа шығарылды: балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым жоқ
15.11.2026, 11:11
Болгарияда 86 көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
15.11.2026, 10:05
Президент жолдауының негізгі бағыттары талқыланды
14.11.2026, 17:08
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07