Бүгін Астанаға Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған авто-шеру келіп жетті. Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы елдерін жүріп өтетін шара осыдан екі бұрын Алматы-Бішкек-Астана-Мәскеу бағыттары бойынша жолға шыққан болатын.
2 мыңдай шақырымды артқа тастаған жобаға қатысушылардың басты мақсаты - қан майданда ерлік көрсеткен Панфилов бастаған атақты 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлерінің рухына тағзым ету.
Астана қаласынан кейін автошеру Қостанай, Ақтөбе, Орал, Орынбор, Самара, Мәскеу қалаларына аттанады. Жол бойы ардагерлер тарихи жерлерге тоқтап, «Белгісіз сарбаздардың» ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдерін өткізбек.
21-ші қыркүйек күні аяқталатын акцияға Қорғаныс министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетуде.
Лаура БЕКЖІГІТ