Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

06.09.2014
Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Бүгін Алматыда өңірдегі 16 аудан мен 3 қаланың ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қала халқына базардағыдан 15 пайыз арзан бағада азық-түліктің 45 түрін ұсынды.

Мәселен, сиыр еті – 1100, қой еті 1000 теңгеге саудаланса, күріштің 1 келісі – 150,  сүт – 120, сары май – 1000, картоп – 60-70, қызанақ – 65 теңгеден сатылды.

Алматы облысы - шаһарды 58 пайыз ауылшаруашылығы өнімімен қамтып отыр. Жылына 2 рет қалада жәрмеңке ұйымдастырады.  

Бұл жолы жалпы құны 116 миллион теңге болатын 218 тонна ауылшаруашылық өнімдері сатылып, күзгі өнім көптің көңілінен шықты.

Әр жәрмеңкеде Алматы қаласы мен аймақ әкімі азық-түлік сапасы мен бағаларын сараптап, алда бірге атқаратын істерді қарастырады. Осы жолы да тың жобалар туралы айтылды. 

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

Біздің қаланың аграрлық сектор ғана емес, алматылық агломерация деген жобамыз бар. Ол Алматы мен оның жан-жағындағы 5-6 ауданы бірігіп жұмыс ісітейді деген сөз. Сонда Елбасының тапсырмасын орындауға жағдай болады.

Жазира ИСАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу