Басты Жаңалықтар Ақтауда жоғары қабаттан теледидар лақтырған адам ұсталды

Ақтауда жоғары қабаттан теледидар лақтырған адам ұсталды

Ақтауда жоғары қабаттан теледидар лақтырған адам ұсталды

Ақтауда көпқабатты үйден төрт жасар баланың үстіне теледидар лақтырған адам табылды. Ол 4-ші шағын аудан, 3-ші үйде тұратын 42 жастағы атпалдай азамат болып шықты. Техниканы 10-шы қабаттан құлдилатқан күдікті «теледидарды қоқыс жәшігіне бағыттадым»,  дейді.

Жауапсыздық танытқан оған қолданатын шара да жеңіл болмайтын түрі бар. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Күдікті:

Теледидарды қоқыс жәшігіне қарай лақтырдым. Одан біреуге зақым келеді деп ойлаған жоқпын. Жасаған әрекетімнен  баланың зардап шеккенін сіздерден біліп отырмын.

Әлия Шермағамбетова, облыстық  ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы: 

Қазіргі таңда ұсталған тұлға мойындау мәлімдемесін берді. ҚР ҚК 111-бабы, 1-бөлімі бойынша іс қозғалып отыр. Ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, 200 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлейді және қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

Сәбидің бас сүйегіне операция жасалғанына бүгін – үшінші күн. Бірақ науқас әлі есін толық жинай қойған жоқ. Дәрігерлер алдағы уақытта науқастың қалыпқа келетінінен үмітті.

Ғабит Ережепов, облыстық балалар ауруханасының травмотологы:

 Кома жағдайынан шығып келе жатыр. Укол салғанда реакция білініп келеді. Шешесінің дауысына реакция бар. Баланың қаны қалпына келді. Бастапқыда, 25-26 тамыз күні гемоглобині азайғаны байқалған болатын.

 

Жазира ӘБІЛ

Бөлісу