Астанада «Әлем дәрігерлері ядролық қаруды болдырмау үшін» атты Дүниежүзілік Конгресі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Әлем дәрігерлері ядролық қаруды болдырмау үшін» атты Дүниежүзілік Конгресі өтіп жатыр

27.08.2014
Астанада  «Әлем дәрігерлері ядролық қаруды болдырмау үшін» атты Дүниежүзілік Конгресі өтіп жатыр

«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» Халықаралық қозғалысының ХХІ Бүкіләлемдік Конгресі  бүгін Астанада өтіп жатыр. Шартараптан келген дәрігерлер елорданың Тәуелсіздік сарайына жиналды. Ауқымды шара осыдан бірнеше минут бұрын басталды.

Халықаралық қозғалыстың жұмысы 1980 жылдың желтоқсанында басталған. Бұл шараның қызметі ядролық соғыстың қауіп-қатеріне қарсы қоғамдық пікірді жұмылдыруға және ядролық қарусыздануға көмек көрсетуге бағытталған. 
1984 жылы өз қызметі үшін федерация ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болды. Қазірде қозғалыстың  қатарына 65 мемлекеттен дәрігерлердің топтары енген. Бүгінгі жиынға  47 елдің өкілі қатсуда.

Әлихан Досаханов, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың стратегиялық дамыту ісі бойынша директоры, профессор:

Қазір Тәуелсіздік сарайында үлкен жиын, Дүниежүзілік конгресс өтіп жатыр. Конгресті өткізушілер «Нобель» сыйлығының иегерлері, әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін қоғамдық бірлестігі және қазақстан дәрігерлерінің қоғамдық бірлестігі. Осы үлкен жиынға дүниежүзінің 47 елінен келіп жатқан дәрігерлер, ғалымдар, саясаткерлер және баспасөз қызметкерлері де бар.  Жиынға келгендердің бәрі Қазақстанға барамыз деп, талпынып жатқан себебін айтар болсақ, олардың басшылары Қазақстаннан бүкіләлем үлгі алуға болады деп, үгіттеген. Себебі, тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбев қырық жыл бойы ядролық сынық өткізіп жатқан Семей полигонын өз жарлығымен жапты. Сондай-ақ, көлем жағынан әлемде төртінші орын алатын ядролық қарулардың жиынтығын да жойды. 

Конгресс төрт кезеңнен тұрады. Бұған дейін осы конгрес аясында бірнеше шаралар өткізілді. Семей қаласынан 8 елден шетелдік және қазақстандық медицина саласында оқитын студенттер және жас дәрігерлердің велосапары басталып, ол Астана қаласында 24 тамызда мәресіне жетті. 

Бұдан бөлек, конгресс шеңберінде алдын-ала әзірленген бірнеше жиын өтпек. Оған шетелден келген қонақтар қатысып, ой-пікірлерімен бөлісетін болады. 

Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу