Ақтауда 4 жасар баланың үстіне биіктен теледидар құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 4 жасар баланың үстіне биіктен теледидар құлады

25.08.2014
Ақтауда 4 жасар баланың үстіне биіктен теледидар құлады

Ақтауда 4 жасар баланың үстіне  көпқабатты үйден теледидар құлап кетті.

Оқиға балғынның  14 жастағы әпкесімен бірге 4-ші шағын аудан, 3-ші үйдің жанынан  өтіп бара жатқанда болған.

Белгісіз біреу үй іргесіндегі қоқыс жәшігіне теледидарды 8-ші қабаттан лақтырған. Бірақ, техника жәшікке емес, баланың басына түскен. Сәбидің бас сүйегі сынып, қатты жарақаттан есінен танып қалады.

Жедел жәрдем қызметімен балалар ауруханасына жеткізілген бүлдіршінге ота жасалды, әлі есін жиған жоқ, реанимацияда жатыр.

Күдіктіні іздеу амалдары жалғасуда. Баланың анасы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Науқас  6 баланың бесіншісі екен.

Бауыржан Мұсақанов, облыстық балалар ауруханасы жансақтау  бөлімінің меңгерушісі:

Қазір жағдайы өте нашар. Бала комада жатыр. Ота жасалды. Болашақта жақсы болады, деп сенеміз. 2-3 күнде есін жинайды. 

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу