Басты Жаңалықтар Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр

Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр

Алматыда үйлері өртеніп кеткен 50 адам шатырда тұруға мәжбүр

Алматы қаласындағы өртенген екі қабатты үйдің 50 тұрғыны бірнеше күннен бері ауладағы лашықта тұрып жатыр.

Олардың қатарында мектеп жасындағы 10 бала мен 11 бүлдіршін бар.

Естеріңізге сала кетейік, өрт 14-тамызда түн ортасында Түрксіб ауданына қарасты Щербаков көшесіндегі 6-шы тұрғын үйден шыққан.

Өрт сөндірушілер жалынмен екі сағаттай арпалысып, толық сөндірген.

Алайда, үйсіз қалған 16 отбасының тұрғындары қиын-қыстау жағдайға тап болды.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Бөлісу