Астанадан басталған мотошеру бүгін Бельгияға жетті
Байкерлер Еуропа жұртшылығына Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global» жобасын таныстырып, EXPO көрмесіне қатысуға шақырды.
Ресей, Солтүстік Еуропа елдері арқылы Еуропалық одақтың астанасы, Бельгияның бас қаласына байкерлер таң ата жетті.
8 мың шақырым жолды бағындырған мотошабандоздар Брюссельде жаңбырдың астында қалды. «Нұр жауды», деп жақсылыққа жорыған жиһанкездердің көңілдері көтеріңкі.
Серік Сұлтан, мотошабандоз:
Көпшілігі «Қазақстан туралы білеміз, естігенбіз, жаңалықтан көргенбіз», деп жатты. Кейбірі біздің сапарға шыққанымызды естіпті. Копенгагенде «қалай баруға болады?», деп сұрап жатқандар бар. Бәрін қонаққа шақырып жатырмыз.
2017-де Астанада өтетін EXPO көрмесі, Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global» жобасын байкерлер бәріне байыппен түсіндіріп жүр.
Мотошабандоздардың Брюссельдегі Атомиум монументінің жанына жиналулары да тегін емес. Өйткені, 1958 жылы халықаралық көрмеге арнайы салынған кешен атомды бейбіт мақсатта пайдалануға үндейді.
«G-Global» аясында жүзеге асырылып жатқан «АТОМ» жобасының да көздегені - осы.
Диас Байсейітов, мотошабандоз:
Жақында Астанада өткен экономикалық форумда «G-Global»аясында дағдарысқа қарсы екінші бағдарлама қабылданды. Бұл - дағдарыстан шығудың жолын іздеген Еуропа елдері үшін өте маңызды бағдарлама. Еуропалықтар Қазақстанның табиғи ресурстарға бай мемлекет екенін біледі. Бірақ, біздің «жасыл» экономикаға көшкенімізді көбісі естімепті. Біздің мақсатымыз - Қазақстанда инновацияның дамып келе жатқанын, Күн сәулесінен қуат алатын, желмен жұмыс істейтін станциялардың салынып жатқанын көпке жеткізу.
Мотошабандоздар елдегі тың жаңалықтармен бөлісіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүр, мәдениетін де көпке паш етті.
Еуропалықтар домбыраның үніне, мыңдаған шақырым жерді мотоциклмен бағындырған байкерлердің ержүректігіне тәнті болды. Енді бәрі Астанаға, Қазақстанға баруға ынтық.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Мотошабандоздардың Бельгияға сапары осымен тәмам. Қазір олар Парижге жол жүріп бара жатыр. Франциядан соң, Италия, Австрия, Венгрия, Румыния, Болгария елдеріне аттанады. 6-шілдеде Астана күніне үлгереміз, деп отыр. Ендеше, біз де сапар сәтті болсын деп тілейік.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23