Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі Бисеновтер әулетіне көмектеспек
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Қуаныш құтты болсын. Бұл мәселе туралы еліміздің Бельгиядағы елшілігі хабардар. Елші Алмас Хамзаев мырза Нұраддин атамыздың туыстарына қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екенін айтқан болатын. Қазір сапарды ұйымдастыруға әзірлік жүріп жатыр. Қате жазылған сарбаздардың аты-жөндерін түзетуге байланысты елшілік жергілікті билік өкілдерімен келіссөздер жүргізетін болады.
Негізі, бұл зиратқа қазақ сарбаздары жерленгені жөніндегі ақпарат осыдан үш-төрт жыл бұрын Ресейдің және Қазақстанның Бельгиядағы елшіліктерінің біріккен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған.
Еліміздің Бельгиядағы сол кездегі елшісі Ерік Өтембаев елдегі әскери бөлімшелер, мұрағаттарға сұраным жолдап, марқұмдардың нақты аты-жөндері жазылған құжаттарды алдыртқан болатын.
Соған сәйкес, Генк қаласының басшылығы қате жазылған есімдерді түзететін болған. Ғаламтордан осы ақпаратты оқып, мен қазақ сарбаздары жатқан зиратты іздеп бардым. Бірақ, есімдері түзетілмепті.
Бәлкім, түзетілер, бәлкім, туыстары табылып қалар деп, майданда мерт болғандар жайлы бейнематериал жасағаным сол еді, ертеңінде ұялы телефоныма Аралданбыз деп Нұраддин атаның туыстары хабарласты.
Бір ғана Бельгияның өзінде есімдері белгісіз Кеңес сарбаздарының зираттары көп. Бұйыртса, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында тағы біразының аты-жөні анықталып қалар. Өйткені, іздеу, зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды
12.04.2026, 20:13
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала мерт болды
12.04.2026, 20:11
Балабақшаны ваучерлік қаржыландыру тиімді ме?
12.04.2026, 20:00
Интернет алаяқтық: Кең тараған схемалар мен сақтану жолдары қандай?
12.04.2026, 19:57
АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?
12.04.2026, 19:56
Президент Құрылтай сайлауының тамызда өтетінін хабарлады
12.04.2026, 19:54
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: Қандай шешімдер қабылданды?
12.04.2026, 19:50
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23