Өнеге боларлық өмір иесі
Талай жанның тағдырына сызат салған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 69 жыл. Екі аптадан соң дүбірлетіп тойланатын жеңіс мерекесіне Алматыдағы Айтбай Сүлейменов ақсақал да қызу дайындалып жатыр. Дәл сол 9 мамыр күні ардагер 100 жасқа толады.
Қазыналы қарияға айналған Айтбай Сүлейменовтың өмірі кім-кімге де өнеге. Соғыс басталған күннен майдан даласына өз еркімен сұранған ол, Витебск түбіндегі ұрыста танкіге қарсы артиллериялық дивизияны басқарды. Азаттықтың ақ таңын аңсаған жауынгер, шайқас кезінде бірнеше рет жараланып, бір жанарынан айырылды.
Айтбай Сүлейменов, ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері:
Оқтың астында болдық. Біздің барлық солдаттар жараланды. Бір-ақ адам сау болды. Сол ғана күзетте тұрды.
Сұрапыл соғыс кімді болса да бей-жай қалдырмады. Сол күрделі кезеңнің күйбең тұсында Айтбай Сүлейменовті тек жарынан келген жылы хаттар демеді. Оларды оқығаннан кейін жауынгер сол үшбу қағаздарды тұмарындай сақтайтын.
Бір қызығы, сол хаттар Айтбай Сүлейменовті 1944 жылғы кескілескен ұрыста ажалдан аман алып қалды. Тарихи хаттардың бір парасы Мәскеу, Петербург, Киев қалаларындағы мұражайларға қойылды.
Ал, әкесін жау оғынан сақтап қалған хаттың бірін балалары ең қастерлі отбасылық жәдігер ретінде көздің қарашығындай сақтап келеді.
Айтбай Сүлейменов, ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері:
Үш бұрышты хаттар кеудемде болатын. Өте қалың. Оқ қат-қабат хаттан өтпей қалған. Жараланып, ауруханаа түстім. Сол кезде дәрігерлер сені махаббат құтқарып қалды дейтін еді.
Соғыстан кейін Айтбай Сүлейменов елге қайтып, Алматыдағы ауыр машина жасау зауытында еңбек етті. Металлургия цехын 75 жасына дейін басқарды. Бүгінде ғасыр жасаған қарияның 15 немересі мен 7 шөбересі бар. Тектіліктің қасиеті болар, қарияның ұрпақтары ғылым, білім, өнер саласында елеулі еңбегімен танылған білікті мамандар.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халық ертектері татар тіліне аударылды
05.03.2026, 13:21
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам негізі
05.03.2026, 13:18
Бельгияда Конституция жобасы талқыланды
05.03.2026, 13:15
ШҚО-да туберкулездің алдын алу екпесінен бас тартатындар көбейген
05.03.2026, 13:12
Politico: Ирандағы соғыс 100 күнге созылуы мүмкін
05.03.2026, 13:09
БҚО-да 108 адам қызылша жұқтырған
05.03.2026, 13:06
Алматы облысында стоматологиялық клиника медициналық сақтандыру қорынан 66 млн теңге жымқырған
05.03.2026, 13:03
Атыраулық отбасы ісі бойынша күдіктілер Қазақстанға жеткізіледі
05.03.2026, 13:00