Алматы әуежайына $260 млн инвестиция салынды
Алматы халықаралық әуежайының өткізу қабілеті 2050 жылға қарай төрт жарым есе өсіп, жылына 55 миллион жолаушы мен жарты миллион тонна жүкке қызмет көрсетпек. Үкіметте аэропортты жаңғырту барысы қаралды. Қазір ішкі рейстер терминалы жаңартылып, мұздан тазартуға арналған жаңа платформа салынып жатыр. Сондай-ақ тұрғын үйлерді шудан оқшаулау жұмыстары қолға аланған. Реконструкция аяқталған соң 3 ұшу-қону жолағы, жүк перроны және қойма кешендері пайда болады. Түркиялық инвесторлар қазірге дейін жобаға 260 миллион доллар инвестиция салған. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы әуежайы еліміздің алты қаласында құрылып жатқан біртұтас экожүйе тізбегіне кіретінін атап өтті. Ол жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03