Полицейді әріптесі өлтірген
Қызылордада осыдан бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Марқұмнын туыстарының арызына байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оны өлтірген күдікті де қолға түсті.
Тергеу барысында күдіктінің бұрын Ішкі істер органында қызмет атқарғаны анықталды. Ол өзінің кінәсін мойындап отыр. Мәйіт жатқан жерді көрсеткен де өзі. Қазір бұл іске қатысты жан-жақты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу шаралары жалғасуда.
Мұрат Мұхтаров, Қызылорда облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы:
96-баптың 1-бөлігі, яғни, қасақана кісі өлтіру бабы. Күдікті кінәсі дәлелденген жағдайда 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр
16.11.2026, 10:06
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның айқын белгісі
16.11.2026, 10:03
Интернет-алаяқтарға 800-ге жуық адам алданды
16.11.2026, 10:01
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58