Басты Жаңалықтар ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр

ШҚО-да 32 ветеринариялық нысан салынып жатыр

Шығыс Қазақстанда 32 ветеринариялық мекеменің құрылысы жүріп жатыр.  Енді ескі нысандарда еңбек етіп келген мамандар санитарлық талапқа сай пунктте жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Жолдауында елдегі құрылыс қарқынын арттыру керектігін баса айтқан. Алдағы екі жылда  ғимараттар толық жаңарады. Ал жалпы осы саладағы инфрақұрылымды дамытуға биылдың өзінде 3,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.  Жоспар бойынша келер жылдың соңына дейін аймақта 70 ветеринариялық пункт, 7 станция және 54 мал қорымы қолданысқа беріледі.

Дулат Қажанов, ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Облыс әкімінің қолдауымен материалдық техникалық жабдықтау бағдарламасы аясында 133  бірлік техника сатып алынды. Біздің ветеринариялық жұмыскерлердің жұмысын оңтайландыру үшін жеңіл автокөліктер және арнайы көліктерді де сатып алып, қазіргі уақытта жұмыстар жүруде.

Бөлісу