Жамбыл облысы бойынша 800-ге жуық адам интернет-алаяқтарға алданды
Биыл Жамбыл облысы бойынша интернет-алаяқтықпен айналысқан 88 адам ұсталды. Олардың басым бөлігі «қайтарымсыз қаржы беремін», «төмен бағада тауар сатамын» деп алдағандар. Соның бірі - жүзін көрсетпеуді өтінген тараздық тұрғын Айнұр. Екі ай бұрын «арзан алтын аламыз» деген жарнамаға алданып қалғанын айтады. Сатушы нарықтағы құнынан екі есе төмен деген соң, шотына 400 мың теңге аударып жіберген. Алайда артынша байланысқа шыға алмай, сан соғып қалдым дейді. Жалпы, былтыр облыста 1086 тұрғын алданса, биыл он айда 787 дерек тіркелді.
Айнұр , қала тұрғыны:
Науқанға алдандым, тапсырыс бергім келді. Ол кісілер менен алдын ала төлем сұрады 400 мың теңге. Ол кісілер айтқан нөмірге аудардым. Одан кейін байланыста болмады. Мені бұғаттап тастапды. Одан кейін полицияға арыз жаздым. Ол кісілер 1 аптаның ішінде ақшамды қайтарып берді. Сөйтсем оларға алданғандар көп екен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы