Алға қойылған міндеттің ауқымы зор
Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев бастаған үгіт-насихат тобы Көкшетау қаласында болды. Әуелі министр «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы арқылы пәтер алуды жеделдетуге арналған өнеркісіптің жобасымен танысты. Жоба жүзеге асырылатын болса құрылыс компаниясы арқылы жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, деп жоспарлануда.
Одан соң Болат Жәмішев қала шетіндегі жаңадан пайда болған Сары-Арқа шағын ауданына барды. Салынып жатқан үйлерді аралап көрді. Бұл шағын ауданда мемлекеттік бағдардарлама бойынша 11 жеке құрылыс компаниялары12 тұрғын үй, 800 балаға арналған мектеп салынып жатыр. Одан кейін министр бастаған топ жоғары оқу орнында жастармен кездесті. Онда Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі мен маңыздылығы жайлы айтылды.
Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:
Елбасы Жолдауы мемлекеттің алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық маңызды құжат. Бүгіннің өзінде 2020 жылға қойылған міндет мақсаттардың алғы шарттарын орындай бастадық деуге толық негіз бар. Сондықтан алдағы «Қазақстан-2050» стратегиясына нық сеніммен қадам басу қажет.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06