Шымкентте пара берген балабақша меңгерушісі ұсталды
Шымкенттегі №19 «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі «пара берді» деген күдікпен ұсталды. 2014 жылы 19 ақпанда тексеру актісінде кеткен кемшілікті көрсетпеуін өтінген ол, тексеріс жүргізген бақылау бөлімінің қызметкеріне 300 мың теңге көлемінде қаржы ұсынған.
«Пара алды» деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының №4 Шығыстарды бақылау бөлімінің бас маманы да ұсталды. Айта кетейік, пара берілетіні жөнінде қаржы полициясының мамандарын үшінші азамат құлағдар еткен.
Эльвира Қадірсізова, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Жаңабаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабы 2-бөлігімен, Кеншібаеваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06