Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 25 жыл
|
Алдымен, Отан қорғау жолында мерт болған есіл ерлерді еске алып, соңынан Ауған соғысы туралы бейнефильм көрсетілді. Сұм соғыстағы қаруластарының ерлік істерін айтқан аға буын, жас ұрпаққа тәуелсіз елдің тірегі болыңдар десті.
Кеште сондай-ақ, патриоттық әндер шырқалып, күні кеше алғаш «Ана жүрегі» төсбелгісімен марапатталған Ауған соғысының батыры - Серік Үркімбаевтың анасына айрықша құрмет көрсетілді.
Бейқұтқан Үркімбаева, Ауған соғысы ардагерінің анасы:
Еліміз дамып, жұрт тыныш болсын. Енді ешқандай соғыс болмасын. Еліме разымын, халқыма разымын. Соғыс болмасын, ешқандай ана жыламасын, бала жыламасын.
Марат Сайбеков, Жетісу аудандық «Шапағат» мүгедектер мен Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық қорының төрағасы:
Елбасы өзінің Жолдауында патриоттық тәрбиеге айрықша мән береді. Өйткені ел ертеңі - болашағымыз балалардың қолында. Ісімізді жалғастырып, Қазақ елін әлемге танытатын да жас ұрпақ. Ал, тарихты, кешегісін білмей өскен балада болашақ болмайды. Сондықтан, аға буын, оқушылар бойынан қазірден Отанды сүю, жерді, елді құрметтеуді сіңіруіміз қажет.
Жазира ИСАЕВА
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14