Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
Ақмола облысында соңғы екі жылда 38 жаңа медициналық нысан бой көтерді. «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарына 9,2 миллиард теңге бөлінді.
Зеренді
ауданына қарасты Айдабол ауылындағы дәрігерлік амбулатория былтыр ғана салынып,
пайдалануға берілді. Су жаңа ғимаратта физиокабинеттен бастап, инсульттан кейін
оңалтуға бағытталған емдік дене шынықтыру кабинетіне дейін бар.
Жібек Боқанова, Айдабол ауылдық амбулаториясының
медбикесі:
Мұнда әрине жұмыс істеу өте тамаша. Бәрі
условиесі бар. Балаларды бөлек кабинетте қабылдаймыз. Физио кабинетіміз бар.
ИВЛ аппаратымыз бар, глазной давление өлшедік, процедурный кабинетіміз тамаша.
Бүгінде амбулатория мамандары жақын маңдағы 7 елдімекеннің 2 жарым мыңға жуық
тұрғынына медициналық қызмет көрсетеді. Тұрғындар дән риза. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт Мәлік Ғабдуллин ауылында
да салынды.
Бәтима Балтабаева, М.Ғабдуллин
ауылының тұрғыны:
Бұрынғы ФАП-ымыз ескі болды. Жай ғана ескі үй де. Соны ФАП қып ұстап отырды бәлен жылдан бері. Іші суық болды. Ешқандай условие болмады. Қазір міне мемлекет қаражат бөліп, осындай бәлніс салып берді. елімізге, ауылымызға, көркейіп, қуанамыз.
Аида Дәулетхан жалпы тәжірибедегі дәрігер, әрі гастроэнтеролог. Жас маманның
асқазан ауруларын емдеудегі кәсібилігіне ауылдықтар дән риза. Сондықтан
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген ақ халаттының елде тұрақтап қалғанын
қалайды. Зеренді ауданында дәрігерлер тапшылығы әкімнің гранты есебінен толық
шешімін тапқан. Тек оншақты орта буын медицина қызметкері тапшы.
Аида Дәулетхан, жалпы тәжірибедегі
дәрігер:
Қазіргі таңда Зеренді ауданында штат болмағандықтан, қазір жалпы дәрігер болып жұмыс жасап жатырмын. Алайда алдағы уақытта штат ашылып, пациенттерді қабылдауға мүмкіндік болады деп ойлаймын. «Дипломмен ауылға» деген бағдарламамен әкім гранты болса да қамтылады екен. Ол жұмыс барысында шешіледі.
Жалпы өңірде биыл «Ауыл – ел
бесігі» бағдарламасы аясында тағы 3 жаңа медициналық нысан бой көтеріп, жыл
соңына дейін пайдалануға берілмек. Оған облыстық бюджеттен 1 миллиард теңгеден
астам қаражат бөлінді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12
Шығыстағы Рахман Қайнарына дейін жол асфальтталды
05.10.2026, 17:10