Қытай: Жол ережесін бұзатын адамдармен күрестің жаңа әдісі
Қытайдың Хубэй провинциясының билігі жол ережесін бұзатын адамдармен күрестің жаңа әдісін тапты.
Енді бағдаршамның қызыл түсіне өтетін жаяу жүргіншілерге су шашылып, бейнекамералардың арқасында олардың жүзі көшедегі үлкен экрандарға шығарылады. Кейін сол сурет интернеттегі «масқара тақтасында» жарияланады.
Мұның бәрі бұзақыны көпшіліктің алдында ұятқа қалдыру үшін жасалады екен. Сонымен қатар, жол ережесін сақтамайтын азаматтың әлеуметтік рейтингі төмендейді.
Мұндай рейтинг Қытайдың әрбір тұрғынында бар. Ол дәреженің төмендеуі - жұмысқа орналасу, несие алу, тіпті, пойыз бен ұшаққа билет сатып алу кезінде проблема туындатуы мүмкін.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл қоқыс өңдейтін зауыт салынады
28.04.2026, 17:22
Атырау облысында Қиғаш өзенін тереңдетіп жатыр
28.04.2026, 17:20
Жерасты мешіттеріне шетелдік туристер қызыға бастады
28.04.2026, 17:18
Таразда ₸1 млрд-қа салынған музей бос тұр
28.04.2026, 17:15
Абай облысындағы Алакөл жағасында құтқару бөлімшесі ашылды
28.04.2026, 17:13
Интернет-алаяқтар психологияны зерттеп алған
28.04.2026, 17:10
Алматыда қоғамдық орында отшашу атқандар анықталды
28.04.2026, 17:07
Қазақстан ІТ қызмет экспортынан $1 млрд пайда тапқан
28.04.2026, 17:05