Таразда ₸1 млрд-қа салынған музей бос тұр
Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай 1 млрд теңгеге салынған музей 11 жылдан бері қаңырап бос тұр. Қараусыз қалған «Көне Тараз» музейіне кірудің өзі қауіпті. Өйткені апатты күйде. Қабырғалары қақырап, сылақтары сыпырылып түскен. Тіпті төбе жабындылары да жарылып, іші жаңбыр суынан көгеріп кеткен. Жертөлеге жайылған судан жылу құбырлары да шіріп жатыр. Әу баста музей дәл қасындағы тарихи қалашықтан табылған жәдігерлерді сақтау үшін ашылған еді. Бірақ пайдалануға берілгеннен кейін жылға жетпей апатты нысанға айналды. Сөйтіп ішіндегі 4 мыңнан аса тарихи жәдігердің жартысы орталық музейге көшіріліп, қалғаны қоймада қалды.
Еркен Баймырза, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени
музей-қорығының қызметкері:
Осы ғимарат тезірек жақын уақытта жөнделсе біз дұрыс деп санаймыз. Көптеген осы табылған жәдігерлер қорда емес, осы мұражайда жеке мекеменің музейінде тұрған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қонақтарға да, келушілерге де өте ыңғайлы. Дәл қасында орналасқан.
Нысан
2021 жылы 400 миллион теңгеге жөнделетін болған. Жобасы жасалғанымен, жұмысы
басталмады. 2024 жылы Құрылыс басқармасы
тағы да жоба жасады. Содан бері екі жыл өтсе де еш өзгеріс жоқ. Ал басқарма
тарапы сметалық құжаттама жасауға кеткен қаржыны білмейтін болып шықты.
Ерлан Орынбаев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
Бүгінде музейдің сметалық құжаттамасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне жолданған. Нысанды қайта қалпына келтіру үшін 630 миллион теңге қажет. Бірақ Үкімет қаулысымен әлеуметтік нысандарды, оның ішінде тарихи-мәдени ғимараттарды жөндеуге 2028 жылға дейін мораторий жарияланған. Сондықтан қашан қаржы бөлінетіні белгісіз, нақтысын бюджеттік комиссия шешеді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16