Басты Жаңалықтар Абай облысындағы Алакөл жағасында құтқару бөлімшесі ашылды

Абай облысындағы Алакөл жағасында құтқару бөлімшесі ашылды

Абай облысындағы Алакөл жағалауында әмбебап құтқару бөлімшесі пайдалануға берілді. Онда медициналық пункт, диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, мамандардың жатын орындары және заманауи капсулалық модуль бар. Жағалауда 17 құтқару мұнарасы орнатылған. Енді шомылу маусымында 20 қызметкер, 10 техника, 5 жүзу құралы және 3 өрт сөндіру техникасы үздіксіз кезекшілік атқарады. Туристік аймақта қауіпсіздікті бақылауда жасанды интеллект жүйесі де іске қосылған. Шомылушылар белгіленген қызыл сызықтан асқан жағдайда дабыл  автоматты түрде қосылып, белгі береді. Шипалы көл жағасындағы мұндай заманауи құтқарушылар бөлімшесінің болуы, қайғылы жағдайлардың алдын алып, қауіпсіздікті күшейтеді, - дейді мамандар.

Шыңғыс Әрінов, ТЖ министрі:
Біздің мақсат – демалуға келген әр адам, ол жергілікті тұрғын болсын, турист болсын өзін қорғалған, әрі қауіпсіз ортада сезіну қамтамасыз ету. Қарапайым тұрғыннан бастап шетелдік қонаққа дейін 112 белгісін көрген сәтте көмек дер кезінде жететіне сенімді болуы қажет. Енді жағалауда тұрақты кезекшілік ұйымдастырылып, кез-келген төтенше жағдайға әрекет ету мүмкіндігі артады.


Бөлісу