80 автокөлік қар астынан шығарылды
Шығыс Қазақстанда соңғы екі тәулікте 80 автокөлік қар астынан шығарылды. Бұл өңірде өткен аптаның соңынан бастап, қалың қар жауып, бірнеше ауданда қатты боран соққан болатын.
Соның салдарынан демалыс күндері, облыс орталығы Өскеменнен Алматы, Шемонайха, Риддер және Зырян қаласына баратын жолдарда көлік қозғалысы қиындаған. Көкпекті ауданындағы «Байбура» асуында ақтүтек боран салдарынан 12 автокөлік жолдан шығып кеткен.
Оларға «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының осы облыстағы филиалының қызметкерлері көмек көрсетіп, қар бөгетінен алып шықты. Аймақтағы республикалық маңызы бар жолдарда «Қазақавтожол» мекемесінің 76 арнайы техникасы жұмыс істеді. Қазіргі таңда жолдар барлық бағыттар бойынша ашық. Қар тазалау жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Ғылымбек Рахимбаев, «Қазақавтожол» мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының директоры:
«Қазақавтожол» мекемесі жол тазалау жұмыстарына 80 техниканы шығарды. Оның ішінде әртүрлі грейдер, қар тазалайтын ротор бар. Жолды уақытылы тазаладық, таң атқанша қызметкерлеріміз жолда жұмыс істеді. Боранда жолдан шығып кеткен көліктердің барлығын шығарып, көмектесіп жібердік.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10