Астанада жылсайынғы «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыс ету шарасында Рио Олимпиадасында күміс жүлде алған қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада ойындары алтын медалінің көшірмесі табыс етілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Бразилияда өткен Олимпиадада Василий Левит финалда ресейлік боксшы Тищенкоға жол берген болатын. Алайда, төрешілердің шешіміне xалық үлкен наразылық танытты. Әлеуметтік желілерде аталмыш әділетсіздік туралы талқылаулар ұзақ уақытқа жалғасты. Сол кезде «Халық сүйіктісі» сыйлығының ұйымдастырушысы Ғалым Байтұқ боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалінің көшірмесін жасату үшін xалықпен бірге қаражат жинауға кіріскен болатын. Бүгін бұл медаль xалықтың спортшыға деген зор ықыласы ретінде салтанатты жағдайда табыс етілді.
«Әрине, осынау қамқорлықтың, xалық қолдауының барына өте қуаныштымын. Бір жағынан бұл - үлкен жауапкершілік, мен бұл медальді әлі ақтау керек деп санаймын», - деді Василий Левит.