Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан облысында «Ақ бидай» ауыл спорты мерекесі мәресіне жетті

Солтүстік Қазақстан облысында «Ақ бидай» ауыл спорты мерекесі мәресіне жетті

Солтүстік Қазақстан облысында «Ақ бидай» ауыл спорты мерекесі  мәресіне жетті

Солтүстік Қазақстанда «Ақ бидай» ауыл спорты мерекесі  мәресіне жетті. 18-ші рет өткізіліп отырған жарысқа өңірдегі 13 ауданнан  1000-нан астам спортшы қатысып,  бақ сынады.

Жыл сайын ауыл тұрғындары арасында спортқа деген қызығушылық артып, қатысушылар саны көбейіп келеді.

Әлем назары Бразилиядағы доп додасына ауғанда, ауылдықтар да өзіндік ойын өрнегін көрсетуге тырысты.

«Ақ бидай» ауыл спорты мерекесінде бас қосқан солтүстікқазақстандықтар да қалыспады. Қарсыластар алаңда жиі кездесіп жүргендіктен, бір-бірін жақсы біледі. 

Олег Нейфельд, жаттықтырушы:

Жылда кездесіп жүрген қарсыластар болғандықтан, бір-бірімізді жақсы танимыз. Әрі біздің спорт кәсіби болмағандықтан, ойын қызықты өтеді. Қарсыластарға деген сыйластық басым. Жарақаттар да сирек болады. Жақсы ойнап, жеңуге тырысамыз.

Ауыл спорты десе, ең алдымен   күрес пен аударыспақ аталатыны мәлім. Сайдың тасындай іріктелген жігіттер боз кілемде жолықты.  

Әсіресе, сыралғы болып қалған қарсыластардың арасындағы белдесу жұрттың делебесін қоздырып, айызын қандырды.

Сағынтай Майлашев, палуан:

Бірінші орын алдым, 125 келі салмақ. 10 жылдан бері  дайындалып жүрмін. Әр адамның өзінің тактикасы болады. Сол тактикамен жұмыс істеп, жеңіске жетеді.

Соңғы жылдары облыста ауыр атлетика да жақсы дамып келеді. Жұлқа және серпе көтеріп, көпшілікті таңдай қақтырғандардың бірі - Ринат Бударбеков.

Ринат Бударбеков, спортшы:

 Қазір менің салмағым - 70 келі. 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатырмын.  Бүгін жұлқа көтеруде 90 келіні көтердім.

3 күнге созылған жарыста алаң иелері - Ғабит Мүсірепов ауданының спортшылары жеңіске жетті. ІІ орын Қызылжар ауданының спортшыларына бұйырса, ІІІ орынды Мағжан Жұмабаев ауданының спортшылары місе тұтті.

Спорттың 17 түрін қамтитын бұл спорт мерекесі болашақта да өз жалғасын табады.

Сағындық  СӘБИТҰЛЫ

Бөлісу