Әлем біріншілігінің жартылай финалындағы Германия мен Бразилия құрамаларының арасындағы ойын кезінде «Twitter» микроблогында жанкүйерлер рекордтық 35,6 миллион хабарлама қалдырды, деп мәлімдейді әлеуметтік желінің баспасөз қызметі.
Алғашқы жартылай финалда Бразилия құрамасы Белу-Оризонти қаласындағы «Минейрао» стадионында Германиядан 1:7 есебімен ұтылды. Бұл бразилиялықтардың әлем чемпионатындағы ең ірі жеңілісі болды.
Осы ойын барысында хабарламалар саны абсолюттік рекордқа жетті. Осыған дейінгі рекорд 1/8 финалындағы Бразиялия мен Чили арасындағы матчта орнатылған болатын (16,4 миллион хабарлама).
Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың белсенділігі неміс футболшысы Тони Кросс соққан төртінші голдан кейін күрт артты.
Ал есімдері ең көп аталған ойыншылар: Бразилия құрамасының қақпашысы Жулио Сезар мен Мирослав Клозе болды. Айта кетейік, неміс шабуылшысы бразилиялық Роналдоның рекордын жаңартып, әлем чемпионатының финалдық ойындарындағы гол саны жағынан үздік атанды.