Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Голвкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын атап берді
Австралиялық боксшы Дэниэл Гил өзінің кезекті қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын атап берді, деп хабарлайды Vesti.kz. Автралиялықтың пікірінше, Головкиннің аяғы мен қолы жылдам қимылдағанымен, қорғанысқа аса мән бере бермейді екен. «Оған тигізу қиын шаруа емес, неге десеңіз ол көбіне өзінің қатты соққыларына сенеді. Головкин өзінің соққылары қарсыластарын есеңгіретіп тастайтынын білгендіктен, қорғанысты кей уақытта естен шығарып алып жатады», - дейді Дэниэл Гил. Геннадий Головкин өз атағын кезекті рет қорғап қалу мақсатында шілденің 26-ы күні шаршы алаңға шығатын болады. Ол чемпиондық атағын осымен 11-ші мәрте қорғамақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
Көкшетауда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05