Паралимпиадашылар жарады. Суда жүзу шеберлері Польшаның Щецин қаласында өткен халықаралық турнирде 9 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль иеленді.
Қуанышты хабарды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық Паралимпиялық комитеттің президенті Дархан Қалетаев жеткізді.
Жарысқа 8 елден: Польша, Израиль, Германия, Эстония, Латвия, Мексика, Өзбекстаннан 170 спортшы қатысқан.
Осылайша, біздің қыз-жігіттер алдағы күз айында Кореяда өтетін Азия ойындарына жолдама алды.
«Бұл - бірнеше жыл бойы жүргізген жұмыстың және мемлекет тарапынан паралимпиялық қозғалысқа көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесі»,- дейді мамандар.
Дархан Қалетаев, Ұлттық Паралимпиялық комитет төрағасы:
Халықаралық жарыстарда жеңген спортшыларға біз өзіміздің сый-сыяпатымызды көрсетіп жатамыз. Паралимпиадада жеңгендерге берілетін қаражат олимпиадашылармен тең болуы жөнінде ұсыныс айтқан болатынбыз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ