Бразилия төріндегі футбол мерекесі барған сайын қыза түсуде. Мексика мен Нидерланд құрама командаларының арасындағы кездесу осы сөзімізге дәлел болмақ.
Бәсеке басында Нидерланд құрамасының футболшылары шабуылды жиі ұйымдастырғанымен, мексикалықтар есепті бірінші болып ашты.
Команданың беделді ойыншысы Джованни дос Сантос кездесудің 48-ші минутында гол авторы атанды.
Осы голдан кейін голландиялықтар шабуылды бақылауға алған. Нәтижесінде Нидерланд құрамасына ұпай сыйлады.
Кездесудің 88-ші минутында Уэсли Снейдер шапшандық танытты. Бұрыштан берілген допты, қақпаға дөп түсірді. Есеп - 1-1.
Қос бірдей команданың футболшылары тең ойын көрсеткенімен, қосымша берілген уақытта есеп өзгереді.
Мексикалық Рафаэль Маркес Роббеннің аяғын жарақаттап, Нидерланд құрамасы айып добын соғуға мүмкіндік алды.
Осы сәтте Хюнтелар допты қақпаға тура бағыттап, есепті 2:1-ге жеткізіп, Нидерланд құрамасы ширек финалға жолдама алды.